Текст
Мектебімізде 21 қазанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бактыбаева М.Б ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларының ата-аналарына "ҰБТ- болашаққа басты қадам" атты жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналармен сұхбат болды. Тест нәтижелері талданып, тест тапсыру талаптары айтылды. Мектеп психологы Сабыр А.Т ата-аналармен тренинг өткізді. Пән мұғалімдері қосымша мәліметтер берді.
Мақсаты: ҰБТ туралы жан-жақты мағлұмат беру. Ата-ана, оқушы, педагог байланысын нығайту арқылы нәтижеге қол жеткізу.