"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы ауданының полиция қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді

06.09.2022

    1 қырқүйек Білім күні Жақсы ауданының полиция қызметкерлері Жақсы ауданының №1 жалпы орта білім беретін мектеп  бойынша оқушыларымен құқықтық ақпараттандыру бойынша дәрістер өткізді.

Жақсы ауданының жалпыбілім беретін мектептері бойынша кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Жалпы алғанда "Мектептегі қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері", "Қылмыстың құрбанына айналмау", "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы", "Жолдағы мінез-құлық ережелері, ЖҚЕ нормалары" тақырыптарындағы әңгімелер мен дәрістер оқушылармен тыңдалды.

Басты мақсат – жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығының, балалардың жол жарақаттарының, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және олар қылмыстың құрбандары болуы мүмкін жағдайлардан сақтандыру.

Өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, полиция қызметкерлерінен келіп түскен сұрақтарға құлшыныспен жауап берді.

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст