"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күні: 31.10.2019 ж. Коучинг өтті «Оқушы – ұстаз – ата-ана - үштік одақ ынтымақтастығы»

31.10.2019

Күні: 31.10.2019 ж.
Коучинг тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана - үштік одақ ынтымақтастығы»
Коучинг мақсаты: Ата-ана, оқушы, ұстаз үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту, бала тәрбиесінің бағбаны ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату, бір-бірінің жан-дүниесіне үңіліп, түсіне білу, сыйластыққа, мейірімділікке, әділдікпен адалдыққа шақыру.
Күтілетін нәтиже: - өзара ынтымақтастық қатынастары нығаяды
- өзара сыйластық орнайды
- үштік одақ арасындағы түсіністік қалыптасады
- ата-ананың мұғалімге деген сыйластығы, түсіністігі нығаяды
- мұғалім отбасы жағдайымен етене байланыса отырып жұмыс істеуге қалыптасады
- оқушының үлкенге деген сыйластығы артады
- оқушының өмірге бейімделу қабілеті күшейеді.
Ресурстар: Бала тәрбиесі, ата-ана, ұстаздар жайлы қанатты сөздер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, ленталар, шарлар, маркерлер, стикерлер. Топ ережелері, топ ахуалын көрсететін кесте.Жүрекшелер, А-3 формат қағаздар, қолшатыр.
1. Негізгібөлім

• Ұлығалым, философ Әбу-насырӘлФараби «Адамғаеңбіріншібілім
емес, тәрбиекерек. Тәрбиесізберілгенбілім-адамзаттыңқасжауы. Олкелешектеоныңөмірінеқауіпәкеледідегенекен.» Бұданшығатынтүйін: бала тәрбиесінееңәуеліоныңөзата-анасыныңеңбекқорлығы,ұстамдыдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
 Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
2.Топтасайық, топқа бөлу. «Қима қағазды құрастыру»

 1-топ – оқушылар   2-топ – ата-аналар   3- топ – мұғалімдер
1. Топтарға тапсырма

• 1 топ- оқушылар

-Ата-ана сендер үшін кім?

-Мұғалім қандай болуы керек?
• 2 топ - Ата-аналар тобына:

-Сіздер үшін бала кім?

-«Болашақ» мектеп сіздердің ойларыңызша қандай болуы тиіс?
• 3 топ – мұғалімдер тобына:

 - Сіздің ойыңызша оқушы қандай болуы тиіс?

- «Ата-анаға» қандай тілектер айтасыз?  (флепчартқа орындап, постер қорғау)
Сергіту сәті: «Молекулалар мен атомдар»

2. Жағдаяттық сұрақтар

• 1- топ- оқушы.

Ата-анаң, ертең қонаққа барамыз, сабаққа бармай-ақ қойсаң
қайтеді,- деді. Ал ертең мұғалім бақылау жұмысын жазамыз, сабақтан
қалмаңдар деген еді, не істейсіңдер?

• 2-топ – ата-ана.

Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне
көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
• 3-топ – мұғалім.

Оқушыға сіз нашар баға қойдыңыз, оқушы үйіне жылап барып, ата-анасына шағымданды, ата-ана сізге телефон шалып ренішін білдірсе не айтар едіңіз?
3. Ерікті микрофон

• Бұл кезеңде ата-ана, оқушылар, мұғалімдер бір-біріне өздерін толғандыратын сұрақтар қояды.
4. Жүрекшелер. «Жүректен жүрекке» үштік одақ оқушы-ата-ана-ұстаздар  бір-біріне жылы лебіздерін шуақты сөздер арқылы жеткізеді.

Просмотров: 1205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст