Бекітілді:
/Мектеп директоры/
Жаратылыстану
пәндері бірлестігінің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысы жөнінде есебі
2016-2017
оқу жылы
Жаратылыстану пәндері бірлестігінде математика, физика, химия,
информатика, биология, дене шынықтыру, технология, музыка, сурет, пәндерінің мұғалімдері жұмыс жасайды.
Бірлестік құрамында барлығы - 13
мұғалім. Барлық мұғалімдер «Жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жасап жатыр. Жоспар
бойынша жұмыстар атқарылуда.
Осы оқу жылының бірінші отырысында әдістемелік
нұсқаулармен танысып, жаңа оқу жылына жоспар құрылды.
2016-2017 оқу жылының, І-жартыжылдығында пәндік онкүндіктері жоспар бойынша жоспарланбаған. Жоспар бойынша 12- қаңтардан бастап бірлестіктің онкүндіктері басталады.
Мектепішілік, аудандық пәндер олимпиадалары
өткізілді. Аудандық олимпиала қорытындысы бойынша физика пәнінен 9-сынып
оқушысы Жилкайдарова Гүлім ІІІ орынды
иеленді.
Қараша айында 28 Панфиловшылар күніне байланысты
іс-шараны мектептің АӘД мұғалімі Бейсеков Асылхан Куанышевич өткізді. 10-11
сынып оқушылары арасында өткізілді.
Бірлестік жетекшісі: