"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Интернет және оның пайдасы мен зияны»

25.04.2017

Жақсы №1 орта мектебі

 

 

 

 

Дөңгелек үстел

 

Тақырыбы:

«Интернет және оның

пайдасы мен зияны»

(10-сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген информатика пәнінің мұғалімі:

 Кантарбаева

А.С.

 

 

 

 

 

 

2017 ж.

 

 

Тақырыбы: Интернет және

оның пайдасы мен зияны

 Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек –

интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру,

оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа

баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада

өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін  тыңдай білуге

тәрбиелеу;

Сабақ түрі:дөңгелек үстел.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау.

Өту барысы

1.    

Шаттық шеңбері(3 мин)

2.    

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (3 мин)

3.    

Қызығушылық ояту (6 мин)

       видео-ролик көрсету

3. Мағынаны тану

а) Топтық жұмыс (постер қорғау) (10 мин)

ә) топтық жұмыс (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс)( 18 мин)

4. Ой толғаныс(3 мин)

5.Кері байланыс(2 мин)

 

Шаттық шеңбері.

-         Оқушылар айналып шеңберге

тұрамыз. Сіздер бір-бірлеріңізді  жақсы

танисыздар. Ендеше, бүгінгі шаттық шеңберіміз «Менің

көршім қандай адам?» деп аталады. Шеңберде қастарыңызда тұрған көршілеріңіздің

бойындағы қасиеттерін айтасыздар.

Топқа бөлу

Оқушыларды алдын –ала топтарға бөліп, тапсырмалар берілген.  Топқа бөлу тақырыппен тығыз байланысты

алынған.

І топ: желі, электронды почта, хаттар, смайлктер, модем, агент

ІІ топ: тез хабар алу, ақпарат көзі, байланыс түрі, қажеттілікті толығымен

қанағаттандыру,әлем жаңалықтары, қашықтан оқу, қызмет түрлері

ІІІ топ: ультра-күлгін сәулесі, денсаулыққа зиян, сананы улау, тәуелділік,

адамның психикасы, онлайн ойындар.

Осы сөздерді оқушыларға таратып, сол бойынша 3 топқа бөлінеді.

Үш топ өз араларынан топ басшысын тағайындайды және топ ережелерін

құрастырады.

Үлгі: Топ ережелері: 1. Тыңдау мәдениетін

қалыптастыру

2.Уақытты үнемдеу

3.Топта ұйымшылдықпен жұмыстану

4.Тапсырма орындау барысында белсенділік

таныту

5. Өз пікірлерін ашық айта білу

Қызығушылық ояту. Интернет туралы

жалпы мәлімет ретінде видео-ролик көрсетіп, тыңдатып алып, топпен жұмысқа

көшемін.

Мағынаны тану

І топқа: Интернет туралы түсіндіріп өту.

«Интернет және біз» дайындап алып келген тұсаукесер  жұмыстарымен таныстыру.

(Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі

миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор

компьютерлік желі .

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да,

жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып

келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап

өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір

сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. 

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін

ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда

Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың

Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта

Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд

зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады.

ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін

телефон арқылы байланыстырады. 

Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды.

1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». 

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд

адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі

ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.)

ІІ топқа: Интернеттің пайдасын түсіндіру(шығарма жазу)

Мұханбедья Динара дайындап келген шығармасын ортаға

шығып, оқыды.

ІІІ топқа: Интернеттің зиянын түсіндіру.

Мұратов Айбол  дайындап келген «Интернеттің адам өміріне

тигізер зияны»танымдық тұсау кесері 

ұсынды.

Ерасыл оқушыларға

интернеттің адам өміріне тигізетін кемшіліктері туралы мультфильмді  көрсетті.

Топтардың постермен жұмыстарын бағалау.  

І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының  жұмысын «Екі

жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды.

ІІ топ  оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын

төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды.

Дискрипторлар

 

 

1

Тақырып жартылай

ашылса, эстетикалық талғамда, сөз мәнерінде  кемшілік болса

2

Тақырып  толық

ашылғанымен, эстетикалық талғамға сай болмаса,сөйлеу мәнерінде аздаған

кемшілік болса

3

Тақырып толық ашылса,

эстетикалық талғамға сай орындалса, топта ұйымшылдық болса, сөйлеу мәнері

назар аударса.

ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының  жұмысын  бармақ әдісі

арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді.

Ой толғаныс.

 Барлық топтарға

ортақ тапсырма: «Интернет және оның пайдасы мен

зияны» тақырыбында.

Мукажанова  Айгерім дайындап келген  сұрақтарын ортаға салып талқылады.

1.     Интернет сөзінің алғашқы атауы? (Arpanet)

2.      WWW бұл әріптерінің

толық атауы? (World Wide web

3.     Интернет қай жылда пайда болды? (1960 ж)

4.     Сенің ойынша ғаламтор адамдар үшін пайдалы ма?

(оқушылар өз ойларымен пікірлеседі)

5.     Сенің ойынша бала күніне ғаломторға неше сағат бөлу

керек? (1-2 сағат)

«Алтын қағида» әдісі арқылы бүгінгі дөңгелек

үстелімізге  қатысты бір фактіден айтып

шығу.

Үлгісі:  Сен есіңе сақтап ал! Интернет әлемдік жаһандануға

негіз береді. Осы үлгіде әр оқушы бір фактіден келтіріп өтуі тиіс. Осы арқылы

оқушының бүгінгі  тәрбие сағатынан не үйренді, не біліп кетті осыларды

аңғауымызға болады.

 Кері байланыс

Бүгінгі дөңгелек үстелімізде

талқыланған «Интернет және біз» тақырыбын аша алып , толығымен түсіндік деп

ойлаймын. Енді сіздер бір сөйлеммен өз ойларыңызды қорытып, айтып шықсаңыздар .

 

 

 

Просмотров: 1890

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст