"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған эссе байқауы

10.08.2022

Аудандық М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған
«Туған  өлке  игілігі»
эссе байқауына қатысып 3-орынды иеленген 8-сынып оқушысы Нұрғамиден Әлишер .

 Жетекшісі:Кенжегул Мухамбеткалиевна, құттықтаймыз!

М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған

«Туған  өлке  игілігі»

Эссе

«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».

Нұрсұлтан Назарбаев

    Мен Қазақстанда тұрамын. Менің Отаным-Қазақстан.  «Отан – отбасынан басталады» деп, атам қазақ  бекер айтпаған. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұйытқысы болатын  орта.Сол отбасым менің туып  өскен туған өлкемнен қалыптасады. Туған өлкем отбасымнан құралады. Біздің қанат  қағып аяқтан  тұруымызға  себепкер менің кіші отаным- отбасым. Сол адамның жеке басының қалыптасуы отбасыдан  алған  тәрбиеге  байланысты. Ұядан  ұшып, қонған қиямызда  алғашқы адамгершілік белгілерін  жүрген ортаңда  көрсете  білуің керек.  Отбасында қалыптасқан  туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есімізде жүреді.Ананың әлдиі, туған жерге деген құрметі сол кіші отанда  алған  тәрбиемен  байланысты.

   Мен өзім, туған жер мен отбасы деген сөзді егіз деп қабылдап, өзіне терең үңіліп мынадай тұжырым  жасадым. Кіші отан ол менің отбасым. Біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз туып өскен жеріміз, кіндік қаны тамаған жер мен отбасымыз екен. Біз сол отбасында тәрбие көріп, өмірдің ащысы мен тұщысын татып, қалай сол жайттан  шығуды үйренер екенбіз. Туған өлкенің бізге берген игілігі–отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз, жаңа өмір бастаймыз. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтінін  көрдім.Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды, туған өлкеңді қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ  екен. Біз  көп  ұлтты мемлекетпіз, татумыз. Сол татулық әр жылда шығатын Президент  жолдауынан бастау алады.  Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Отанды қорғау, туған жерді қорғаудан, табиғатын аялаудан тұрады.«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің, туған жеріңнің  әрқашан жылу тартып, жанға жақын екен.  Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.Туған жерге деген алып қосар жаңалығы жоқ берген, Туған өлкең саған не берді, сен еселеп қайтар еліңе. Міне отбасы  тәрбиесі патриоттық тұрғыда қалыптаспаған.Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай туған өлкені де қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!Не болса да отбасының бір бөлшегі – туған өлкеңе ештеңе де жетпейді  екенін әрбір жан баласы түсінуі керек.  Өйткені, табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн бүгінгінің жастары.

Туған  өлке алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ  екен. Туған өлке мен қатар жүретін экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналып отыр. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі.Сол экологияны ластамай бірге қорғауымыз үшін бар күшімізді сарып етудеміз.

Біз  көп  ұлтты мемлекетпіз, татумыз. Сол татулық әр жылда шығатын Президент  жолдауынан бастау алады және табиғатымызға да аса мән беріледі.  Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.«Табиғатты қорғау – егеменді елімізді қорғау» менің міндетімнен парызыма айналып отыр бүгінгі күні.Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, өзімнен кейінгі жастарға айтып отырмын.А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзде үлкен мән мен мағына жатыр емес пе?.Отанды, табиғатты  қорғау - қасиетті парызымыз, туған өлкемізді қорғап  игілігіне қызмет  берейік.

 

    «Қазақстан - 2030»Стратегиясында атап көрсеткендей, ұлттық қауіпсіздік ХХІ ғасырда мемлекет дамуының негізгі басымдығы Отанымызды қорғау екенін атап көрсеткен. Сондықтан да шекарадағы қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ажырамайтын бөлігі болып табылып келеді. Әр елдің аумағы мен шекарасының болуы – сол мемлекеттің елдігінің ең негізгі белгісіне кіреді. Мысалы, біздің еліміздің мемлекеттік шекарасы 14 мың шақырымнан астам қашықтықты алып жатып бізбен бес мемлекет  Ресей Федерациясымен, Түркіменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі. Сондай - ақ, батыста Хазар (Каспий) теңізімен, оңтүстігінде Арал теңізімен шайылады. Соның ішінде Жамбыл облысы оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен 716 шаршы шақырымда шектеседі.Елімізде тәуелсіздік туы желбірегелі 30 жыл уақыт болды. Содан бері халықтың береке - бірлігін ойластырып, рухын көтеру және ел еңсесін әлеуметтік тұрғыдан тіктеу ісінде елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Отанды қорғау, табиғатты қорғау мақсатында қорықтарымыз да қорғалып келеді.  Мемлекетіміздің тарихының түпсіз тереңдігін, жер байлығының баға жетпес молдығын, халықтың бейбітшілік сүйгіштігі мен еңбекқорлығын және білімін, білігін дүние жүзі мойындады. Мұның бәрі елдігіміздің ең басты белгілерінің бірі - мемлекеттік шекарамыздың мығым болуында. Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы. Адамның өзі  Табиғат пен Жер – Ананың перзенті.    Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздері көп жағдайды  аңғартатыны анық.

   Туған өлкенің бір бөлшегі ол –табиғат анамыз.

Табиғат бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам 

табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, қалыптасады.Ал, табиғатты қорғау

 дегеніміз: ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен,көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау. Табиғат дегеніміз, бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ендеше, осы табиғи тепе-теңдік сақталып отырылған жоқ. Өйткені адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшыратып ауаны ластап келеді жылдан- жылға.Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да берді беріп те келеді, біздер қадірін түсінуіміз керек.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, анығы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан аламыз.Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр деп айта аламын. Отанымның әрбір заты мен үшін қымбат, отанымызды қорғау бүкіл адамзат парызына айналған. Сабақта Бауыржандай ақын, жауынгер атамыздың шығармасын қызыға оқып, нақыл сөздерін өміріме пайдаланып  келемін. Сол елін ойлаған  атамыздай мен де бүгін ізденіп мына жұмысты қолға алдым. Қазақстанның экологиялық жағдайы қоғам назарын аударып отырған басты мәселелердің біріне айналды. Өзіміз өмір сүріп отырған қор­ша­ған ортаның тазалығы мен сау­лығы баршамызды алаң­да­та­тыны анық. Ұлы даланың көр­кіне айналған жануарлар дүние­сінің де жыл сайын сиреп бара жатқаны жасырын емес. Мем­лекет басшысы Жолдауында ұлт­тық байлығымыз – табиғатты сақ­таудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Тиісті заңнаманы қатаң­дату жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Оған себеп те жеткілікті. Қа­зіргі уақытта браконьерлік ұйым­дас­қан қылмыс түріне айналды. Экологиялық заңнаманы өрескел бұзу фактілері жиі қай­та­­ланып отырғаны жасырын емес. Қорыта келе, біз қазақ халқы ежелден таби­ғат­пен етене өскен халықпыз. Таби­ғат­пен жарас­­тық­та өмір сүріп, бір тал шөп пен бір шыбықты да себепсіз жұл­май­тын елміз. Ұр­пақ тәрбиесінде де «Көк шөпті жұл­саң көктей соласың», «Құс­тың ұясын бұзба» деп үйрет­кен. Сондай ұлттық тәрбиені бойына сіңдірген біздер әрқашан елімізге адал қызмет етеміз. Ерте­гі­ле­рін­де қанағатсыз аңшы­лардың ақыры жаман бо­ла­ты­нын үнемі ескертіп отыр­ған. «Қоңыр аңның киесі ұрса өмі­рі­міз қатерге ұшырайды» деген тү­сі­нікті ұрпақ санасына бала ке­­зі­нен берік орнықтыратын бол­­ған. Яғни отбасымызда ұлттық педагогика сонау бастан қалыптасқан. Отанымыздың әрбір аңы мен кіші жәндігіне дейін қорғай білуіміз керек. Тазалықты қолға  алып  экологияны  ластамау біздің ұранымызға айналса табиғат Ананы қорғай алар едік ренжітпей.

 

Туған жерді сүю парыз,

Туған жерді күту –парыз.

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу парыз,

Күзетінде тұру парыз

— деп, Мұзафар Әлімбаев атамыз айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, туған жердің табиғаты жайлы, аң-құстары, өсімдіктері жайлы білу керекпіз. Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік. 

Ал енді туған өлке тарихына тоқталар болсам: Тәуелсіздік- ең алдымен Қaзaқ хaлқының бостандыққa ұмтылғaн aсқaқ aрмaндaры мен қaйсaр рухының жемісі. Сондықтaн дa біз үшін Тәуелсіздік күні- ең қaстерлі жеміс!

- Атa-бaбaмыз мыңжылдықтaрдaaңсaп өткен Тәуелсіздікке біздің ұрпaқ қол жеткізді. Бұл жәй ғaнa бірнеше әріптерден құрaлғaн сөз емес, ол жүректерді тебірентіп, көңілдерден орын тaпқaн қaсиетті, қaстерлі ұғым. Ол aспaннaн түскен дүние емес. Тәуелсіздік киелі, сондықтaн оны сaқтaй aлмaсaқ, ұрпaққa жеткізе алмасақ бізге сын. Ел тәуелсіздігінің мығым болуы үшін біздің бірлігіміз бекем, тaтулығымыз берік болуы керек. Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлaғaн  жaныма жaқын, құлaғыма жұмсaқ естілетін, естігенде жұдырықтaй жүрегімді қуaныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің бaсына қонғaн бaқ құсы. «Елім егемендікке қaлай қол жеткізді, қaндай тaрихи кезеңдерді бaстaн өткізді?» деген сұрaқтарға жaуaпты төл тарихымызбен  танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылaй мен Әбілхaйыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғaған ұлaн ғaйыр жер біздің aсыл қaзынaмыз. Қaншaма зұлмaтты замандар өтіп, қиын-қыстaу кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққaн сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Алайда, аштық, соғыс, талас-тартыстардан  әбден aзaйып, әлсіреген ұлтымызды соңында орыстaр отaр етті. Қой үстіне бозтaрғай жұмыртқалаған зaманды aңсағaн aта-бaбaларымыздың aрманы aдыра қaлып, «отыр»  деді отырдық, «соғыс»  деді соғыстық, бұйрығынa бaғындық. Амaл нешік... Отaр болдық екен деп қазақтың қaнында қайсaрлық өшкен жоқ, күш-қуaт азайғaн жоқ. Есімізге түсірсек, сонaу мaйдaн дaласындa дa өзінің өжеттігін көрсеткен қaзақтың қaйсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қaйрaтты жігіттері Бaуыржaн мен Қaсымдaр естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі  ұрпaққa қaлған aңыз. Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік, aлайдa, сүйініш ұзaққa созылмaстaн қaзaқтың бaсшылығына орыс келетінін естіген ел тыныштaлaaлмaды. Міне осыншaмa қaн төгісте елге еңбегі  сіңген Отaнымыздың жанашырларын қастерлей білуі пaрыз. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Міне сол заманның куәсі болып  отырмыз. Қолынан  ұялы  телефон  түспей,  кітапхана  есігін  ашпай күн  кешіп,  жаман  әдетте  жүрген  адам  қаншама десеңізші? Бауыржан атамыздың жан айқайына  құлақ түріп бүгінгінің жастары біздер,Туған өлкнің  қадірін біліп қастерлейік, Жаңа-Қазақстанға бой түзейік. Қазақстанның  болашағы  жастардың  қолында яғни  екенін ұмытпайық. Біздерді тура  жолға  бағыттап, түрлі  келеңсіз  жағдайлардан  абайлап  отыратын  сынып  жетекшілерімізге,  пән  мұғалімдерімізге  рахмет  айта кеткім  келеді. Тәрбиенің  қалыптасуына  үлкен  септігі  тиіп  жатыр. Орындары бөлек. Көп іздене келе,  мен  өз еліме,  Қазақстан  Республикасына  адал  қызмет  етемін.Мына әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің құнды –отбасы туған өлкеміз.  Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады.  Ата–баба қаны мен сіңген патриот тұлға болып, елімнің, туған жерімнің гүлденуіне ат салысайық.  Еліміз  гүленсін  десеңіз, басқа  елдерге  жақсы  атымыз шықсын   десеңіз, патриот болып, туған жерді көркейтіп, отанымызды гүлдендіре білейік. Қaзaқ болып туылғаныма әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам. Сол мұраны көзімнің қарашығындай қорғау менің және бүкіл қазақтың азаматтары мен азаматшаларының қасиетті борышы. «Бос жатқан жер жау шақырады» дейді қазақтың көреген мақалдарында. Ендігі біздің міндет-кең байтақ жерімізге көз тігіп, тартып алмаса да арамызға іріткі салып, дініміз бен тілімізден шaтастырып, елімізге егелік еткісі келгендерге, семсерсіз соғыс заманында қaрсы тұратын жaлғыз қaруымыз бaр, ол - отaнымызға деген мaхaббат, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, тарихымызды, тіліміз бен дінімізді  ұмытпай қастерлеу мен бірлігімізді жоғaлтпaу болып біздің парызымызға айналуы тиіс.

 

                                                                            Нұрғамиден Әлишер Дулатұлы           

                                                                            Жақсы ауылының №1 жалпы

                                                                            орта білім беретін мектебінің

                                                                            8-сынып оқушысы

 

 

 

Просмотров: 233


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст