Текст
Бүгін 1 қыркүйек күні мектебімізде алғашқы қоңырау соғылып,мерекелік жиын өткізілді. Бұл күні білім ордасы білім алушыларға есігін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алды. Мерекелік шара білім беру бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Султанқызының мектеп әкімшілігінің ұстаздар қауымының оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен өтті. Мектеп оқушылары әсем әннен шашу шашіп, көпшіліктің көңілінен орын алды.