Құрметті оқырмандар!
Жақсы №1 орта мектебі бойынша «Ұлыстын ұлы күні – 22 Наурыз мерекесінің жоспарына сай 1-4 сынып оқушылары арасында Instagram желісінде «Бұрымды қыз» байқауы өтетінің хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты: «Гүл өссе - жердің көркі. Қыз өссе – елдің көркі» - дегендей ежелден ата-бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген.Табиғатта ең сұлу – қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяндық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттермен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіті үшін айтылмаған,керсінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзеді. Бүгін қыз – ертен ана. Сондықтан, халқымыз қыз бала – барша тіршіліктің бастауы,өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен – дегендей,халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет – жүзінде ұяндығы бар, шашы ұзын, басқа ізі білінбейтін жан елестейді. Шолпының сыңғыры құлағымызға келеді... Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт – дәстүрлері мен әдеп – ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяндық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады.
Байқау шарты:
Байқауға шашының ұзындығы 50 см – ден асатын, 1-4 сынып оқушылары қатарындағы қыз бала қатыса алады.
Байқауға лайықты деп танылған оқушыларымыздың лүпілі саналады, лүпіл санау 18.03.2019ж тоқтатылады.
Байқау қатысушылар мектеп директорының 1,2,3 дәрежелі мақтау қағаздары және номинациялармен 20.03.2019 ж. «Ұлыстын ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне арналған іс – шарада марапатталады.
Жауапты: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каскаева Л.Б және мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі:Баетыбаева М.Б