Жақсы №1 орта мектебінде «Мейірімділік жүректен» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Оқушыларға «мейірімділік», «қайырымдылық», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп,бойларына рухани адамгершілік қасиеттерді иегеруге ықпал ету. Қадірлі қонағымыз болған Әмірланның,Айбардың әжелерінің тағылымды,ғибаратты әнгімелері оқушылардың бойына мейірім сәулесін уялата берді.Талантты оқушыларымыз Ұланның тебірене орындаған әні әрбір көркрменнің жүрегіне жетіп,ой салды.Оқушыларымыздың мәнерлеп оқыған өлендері,көріністері адамкершілік қасиеттер жайлы болды. Мол дастарханнан дәм татып,немерелерінің өнеріне риза болған асыл әжелеріміз көтерінкі көңіл-күймен тарқасты.Алтын уақыттарын бөліп келген әжелерімізге,белсенді қатысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Жауапты:Дюсембаева А.К.,АбылкаримоваМ.М