Жастар жылы және "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" атты мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында білім беруге қойылған талаптары іске асыру аясында Жақсы№1 орта мектебінде 14.02.19ж көптен күткен "Ең үздік сынып жетекшісі-2019"сайысы болып өтті.Бұл сайыс тәрбие жоспары және сынып жетекшілер бірлестігінің ақпан айына арналған жоспарына сәйкес өткізілді.Байқау педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау,озық педагогикалық тәжіриебелерді тарату және жариялау, педагог имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Міндеттері:
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерін қолдау,білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру деңгейін көтері.
- Сабақтан тыс уақыттағы тәрбие жұмысы тәжіриебесі педагогикалық технологияларының мазмұның жаңарту бойынша инновациялық идеялар іздеу.
- Сынып жетекшісінің мәртебесін көтеру,болашақ жас ұрпақты тәрбиеленуде тәрбие міндеттерін шешудегі сынып жетекшісінің алатын орнына көңіл аудару.