"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің сараптама есебі

14.11.2018

Жақсы

№1 орта мектебі

Бастауыш сыныптар әдістемелік

бірлестігінің

онкүндігінің 

сараптама есебі

 

   «Бастауышым –балбұлағым, лаулап жансын

шамшырағың» атты  апталықтың ашылуы мектебіміздің залында концерттік

бағдарлама ретінде өтті. Мектептің бірінші қабатында көрме ұйымдастырылды. 

4-сынып оқушылары Озария мен Мәриям іс-шараны жүргізуді өз қолдарына алды. Ал,

2-сынып оқушысы Байшак Манас «Ұстазым» әсем ән шырқап көрерменді  өзіне

баурап алса, 4-сынып оқушылары  Мәриям мен Нарұл танго биін мың бұрала

билеп ерекше көңіл күй сыйлай білді. 1-сынып оқушысы Алишер  ақиық

ақынымыз бала тіліндегі  «Мен қазақпын» өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп

оқып берді.

     

«Мал баласын сүйеді»  тақырыбындағы

ашық сабақ   ана тілі пәнінен

1-сынып  мұғалімі Жаңабергенова А өткізді. Сабақ жаңа әдіс-тәсілдер

деңгейінде жақсы өтті. «Жайлауда»  тақырыбындағы 

ашық сабақ    әдебиеттік

оқу пәнінен 4-сынып мұғалімі Каскаева С өткізді. 

Сабақта оқушылар топтық жұмыс үлгілерін

көрсетіп, ән шырқады, жайлау туралы видеоролик тамашалады. Сабақ тамаша өтті. «Өткенді

пысықтау»  тақырыбында  ашық сабақматематика пәнінен

 2-сынып мұғалімі Ибадуллина Г өткізді. Сабақтың өту деңгейі нашар.

Тақырып ашылмады. Оқушылар жаңа тақырыпты түсінбеді. «Сан есім»

тақырыбындағы  ашық сабақ қазақ тілі пәнінен Жалмурзина Н.А өткізді.

Сабақтың құрылымы жан-жақты, оқушылар белсене қатысты. Сабақ жақсы деңгейде

өтті деп бағаладым. Сан есімге байланысты көрнекі құралдарға

бай, үлестірмелі карточкалар, топтық

жұмыстар көрініс тапқан нәтижелі сабақ болды. «Көліктер. Қала және ауыл

көліктері» тақырыбында ашық сабақты   дүниетану пәнінен

Бактыбаева м.Б өткізді. Мұғалім өз сабағында жаңа технологияэлементтерін

жан-жақты қолданып, нәтижелі сабақ бере алды.  Бұл сабақ та жаңаша оқыту

тәсілдеріне

негізделіп құрастырылған, үлгілі

сабақтардың бірі болды. «Бақытты сәт» ойынын Каскаева С.Б

4-сынып оқушыларымен өткізді.  Бұл

сайысқа оқушылар белсене қатысты. Оқушылар үш топқа бөлініп сайысып,

нәтижесінде «Білімділер» тобы мәреге

жетті. 

1-сынып оқушылары арасында Бактыбаева

М.Б  ұйымдастыруымен  «Сынып үздігі-2016» сайысы өтті.  Сайыс

өзін таныстыру, мәнерлеп оқу сайысы, есептер шығару, көркем жазу, жоба қорғау

кезеңдері арқылы бағаланды. Сайыс

қорытындысы бойынша бас жүлдеге

Нұрғамиден Әлишер ие болса, 2-орынға  Чужебаева Ажар мен Қуаныш Ерасыл ,

ал 3-орынға Баков Ернар ие болды. «Жануарлар әлемінде» атты сайыс  

дүниетану пәнінен Ибадуллина Г өткізді.  Сонымен қатар, «Қазақстан

болашағы білімді ұрпағында» интеллектуалды  ойын сабақ, «Өтілген

материалдарды бекіту» ашық сабақ , «1-ден 10-ға дейінгі сандарды

салыстыру. Теңдік және теңсіздік «<», «>» таңбалары, «Ойнайық та

ойлайық!» математикалық сайыс, «Білімділер сайысы» тақырыбында өткен

ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоғарғы деңгейде өткізілді.

Апталықтың жабылуына орай ұйымдастырылған концертте марапаттау рәсімі

жүргізіліп, іс-шараға белсене қатысқан оқушылар атап өтілді.

 

Бірлестік жетекшісі:    Бактыбаева М.Б  

Просмотров: 1443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст