Текст
Алғыс айту
парызым
Бақыттымын,
сірә, мендей жан бар ма?
Күліп – ойнап,
көңілді жүрген жалғанда.
Мақсаты бар
талпынысы жетерлік,
Құлаш ұрып
қанат қаққан арманға.
Ата – ананың
амандығы маған бақыт,
Заманыма қарап
тұрып, таптым жақұт.
Жүректегі
жалғыз Отан елімнің,
Азаматшасы болу
да маған бақыт.
Әр таң сайын
маған бақыт сыйлаған,
Алғыс айтам менің
туған анама.
Жақсы №1 орта
мектебінің
10-сынып
оқушысы
Казбекова
Айнур.