Сабақтың тақырыбы |
Көліктер. Қала және ауыл көліктері | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың көріп-білгеніне сүйеніп,қала туралы білім қалыптастыру.Көлік түрлерін меңгерту. | ||||||||||||
Сабақтың типі |
Жаңа сабақ | ||||||||||||
Сабақтың әдіс-тәсілдері |
сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру,ТРИЗ әдісін қолдану, сыни ойлау элементтерін тиімді пайдалану | ||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлем беріп сіздерге, Сабақты біз бастаймыз! Бестік баға аламыз, Жалқаулықты тастаймыз. Еңбектен еш қашпаймыз! | ||||||||||||
Топқа бөлу |
Оқушылар беджиктерді тағады. Сол бойынша топтарға бөлінеді. 1-топ «Жүргізушілер» 2-топ «Ұшқыштар» 3-топ «Теңізшілер» | ||||||||||||
Бағалау түрімен таныстыру |
Әр тапсырманы орындаған оқушы 1 конфеттен алып отырады. Сабақ соңында конфеті көп оқушылар жақсы бағаға ие болады. | ||||||||||||
Үй тапсырмасын сұрау |
Мамандық туралы тақпақтар айту «Автор орындығы» Оқушының басына кигізіп қою. Оқушы мамандық туралы мәліметті тауып алу керек. ТРИЗ Суреттерді өз орнына қойыңдар | ||||||||||||
Сабақаралық байланыс |
Интербелсенді тақтадан көрінеді Ребус «Көлік» - Балалар барлық мамандық иелері Отанымыздың әр бөлігінде орналасқан. Олар бір-біріне қалай қатынасады деп ойлайсыңдар? Көлік арқылы. - Олай болса көлік деген сөзді қалай түсінесіңдер? | ||||||||||||
Қызығушылықты ояту |
Жұмбақтар жасыру Қазша қанатын жаяды Үйрекше мойнын созады. Құсша қонады. (Ұшақ) Күндіз - түні күрсінеді, Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) Өздігінен жүрмейді, жарыспайды, Кісі мінсе жарыстан қалыспайды. Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз, Сағатта талай жерді қарыштайды. (Велосипед) Кеудесі толған күш, Табаны толған тіс. (Трактор) | ||||||||||||
Мағынаны тану |
Мәтінді мұғалім түсіндіреді. Тізбектей оқыту. Сұрақтарға жауап алу. | ||||||||||||
Сергіту сәті |
«Қызыл гүлім -ай» видео | ||||||||||||
Ой толғаныс |
Топқа тапсырма 1-топ «Жүргізушілер» Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд жатады. Топтастыру. 2-топ «Ұшқыштар» «Мен ұшқышпын» Сурет салу. 3-топ «Теңізшілер» «Кеме» аппликация Қосымша Кестеге суреттерді жабыстыру
| ||||||||||||
Үйге тапсырма |
118-119 бетті мазмұндау | ||||||||||||
Кері байланыс |
Көңіл күйлерін смайликтерді көтеру арқылы бағалау | ||||||||||||
Бағалау |
Конфеттерді санату арқылы бағалау. |