Текст
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 5-6 сыныптар аралығында "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға әр сыныптан 3 оқушы қатысып, топқа бөлінді. Интеллектуалдық ойынның мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан - жақты толықтыру. Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. Өткізген: 5-6 сыныптың жетекшілері Кантарбаева А, Исмайлова А, Аманжол Ә.