01.10.2021
АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГТАР РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА ! Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің үздік педагогтеріне « Үздік педагог » төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті . Іс - шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы - ұстаз Ы . Алтынсаринның 180 жылдығына орай ойластырылған . Республикамыздың үздік педагогтарының ішінде біздің Ақмолалықтар : Жақсы а . №1 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Байсеркеқызы Қасқаева және Көкшетау қаласының « Өркен » бөбекжайының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировна . Жеңімпаздарды жоғары марапатпен құттықтаймыз , кәсіби салада шығармашылық жетістіктер тілейміз !