"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер мерекесі күніне орай онкүндік аясында 1-сынып оқушыларына «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

17.09.2021

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреттері, нақыл сөздері.

Барысы:
Қоңырау үні естіледі.

  • Балалар бұл ненің даусы?
  • Қоңырау.
  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?
  • Ол Ыбырай Алтынсарин
  • Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз. 

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты Ибраһим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып, Үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. 

Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады.Ол кезде Ыбырай тоғыз жаста болады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет, тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп оқиды. Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді алдына мақсат етіп қояды. Ы.Алтынсарин өзінің ардақты борышы балаларды оқыту деп түсінеді. 1860 жылы Жайық жағасындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылды деген кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады.

Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

Шығармалары

  • Өлеңдер
  • Жаз
  • Кел, балалар, оқылық
  • Қарлығаш
  • Қарға мен түлкі
  • Әй, достарым
  • Әй, жігіттер
  • Өзен
  • Өнер - білім бар жұрттар
  • Ақымақ дос
  • Білгеннің пайдасы
  • Бір уыс мақта
  • Бай баласы мен жарлы баласы
  • Баланың айласы
  • Бақша ағаштары
  • Данышпан қазы
  • Дүние қалай етсең табылады
  • Жаман жолдас
  • Жамандыққа жақсылық

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде яғни 48 жасында «Инспектор көлі жағасынлда» өз үйінде дүниеден өткен. Бұл жайында «Оренбургский листок» газетінен «Дала уәлаятының газетіне» көшіріліп жазылған қазанамада ол ұзаққа созылған өкпе ауруынан қаза болды деп жазылған.

Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын-жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен арнаулы кітап бастырып шығады. Қазақ әдебиетінде педагог-жазушының көркем бейнесі жасалды.     

                  Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз                   

Өткізген: Аяпбергенова К.М.

                 Қазымбек Қ.С.

                                            

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст