Текст
2021 жылғы 12 тамызда облыстық тамыз кеңесi аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында панельдiк сессия отырысы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директорының орынбасары М.Хасенова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Ж.Әбілқайырова, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жетекшілік ететін қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 530-дан астам.