Текст
Мектебімізде Қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.
Қазан айының алғашқы күндерінде мектебімізде Қарттар күніне орай ардагер ұстаздар мен мектептің зейнеткерлеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл игі шараны мектеп ұжымының кәсіподақ комитеті ұйымдастырды. Шара барысында ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге жылы лебіздер айтылып, құрмет көрсетілді. Оқушылар өлеңдерді тарту етіп, ардагер ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ардагерлеріміз білім беру және қызмет ету жолындағы еңбектері үшін алғысқа бөленіп, жас буынға игі тілектерін білдірді.
Осындай дәстүрлі кездесулер арқылы ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесін бағалап, олардың өнегелі жолын жастарға үлгі ету – біздің басты парызымыз.