Текст
Ағымдағы оқу жылының 22 мамырында Жақсы ауылының #1 жалпы білім беретін мектебінде барлық сыныптарда "Оқу жылының қорытындысы туралы " тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы хабардар ету. Бастауыш сынып бойынша педконсилиумда әрбір ата-ана пән мұғалімдерімен кездесіп өзінің баласының үлгерімі туралы толық ақпарат ала алды. Екінші бөлімінде жалпы сұрақтар қаралды. 5,6,7,8,10-сыныптарда ZOOM арқылы қашықтықтан өткізілді. Жиналыста оқу жылының қорытындысы, аяқталуы туралы іс-шаралар,жазғы мектеп, қауіпсіздік ережелері, т.б. сұрақтар қаралды.