"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутизм дертіне шалыққан балаларға жан- жақты қолдау қажет.

27.04.2021

Аутизм – социалды қарым – қатынас жеткіліксіздігі тән, психика бұзылысы.  Аутист балалар дамуында өмір бойы сақталатын бұзылыстар оның қабылдау, түсіну әрекетіне кері әсерін тигізеді.Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі,бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып,бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Қазір әлемде әрбір 59-шы бала аутизм дертіне шалдыққан. Бүгін «Мүгедек балалар мен аутизмі бар балалардың мәселелері және оларды шешу жолдарына» арналған жиында осы ақпарат жиі айтылды. Қазақстанда «Ерекше» балаларға ерте диагноз қойып, оны емдейтін маман аз. Сол себепті, көп ата-ана Ресей, Израиль секілді шет мемлекеттерге барып, дертіне дауа іздейді. Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, диагнозды ерте қойып, емдесе, баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады. Мамандар дерттің 300-ге жуық себебін атап отыр. «Бұл мәселе ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың күшімен шешілуі мүмкін емес, мемлекеттік қолдау қажет», - дейді қор мүшелері.
Осыған орай мектебімізде алдын алу шаралары өткізілді. Жауапты мектеп психологы Сабыр А.Т.

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст