Көктемгі демалыс және карантин кезінде елдің бәрі үйде. Бұл білім алуға, өз-өзіңді жетілдіруге тамаша уақыт. Сондықтан уақытты босқа өткізіп алмай, өз пайдаңызға қолдануға тырысу мақсатында 5-10 сыныптар аралығында вертуалды мұражайға саяхат жасау жоспарда бекітілген. Осы іс-шараға арнайы жасалған мектеп мұражайының видеосын оқушыларға WhatsApp, Telegram платформасы арқылы таратылды.
Мақсаты: мектеп мұражайына саяхат жасау арқылы мектебінің тарихымен танысу.
Бұл мектеп мұражайы 2016 жылы мектебіміздің 25 жылдығына орай ашылған болатын. Сол уақыттан бері мұражай жұмыс жасап жатыр. Мұражайда мектеп басшыларының еңбек жолы және көп жыл еңбек еткен ұстаздары жайында біледі. Сонымен қатар, осы мектеп қабырғасында білім алған оқушылардың жетістіктерімен танысып, өздерінің білімге деген қызығушылықтарын арттырады.
Мұражай меңгерушісі тарих пәнінің мұғалімі Исмайлова А.Х