Білім беру жүйесі – қоғам дамуының негізі. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін қазіргі өмір талаптарына сай оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.
Қазіргі заманда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтпақшы, шәкіртіне тәлім – тәрбие беруден жалықпайтын, білімді, мәдениетті, озық технологияларды толық меңгерген, әлемдік білім беру кеңістігіне құлаш ұрған жаңашыл ұстаз ғана ұлағатты ұрпақ тәрбиелей алатыны белгілі. Бүгінгі күнгі жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыру, оның функционалды сауаттылығын арттыру. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман – креативті ойлай алатын, кез келген тақырыпта өзіндік ой – пікірі бар, сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Ал мұндай жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті ұстаздар қауымына жүктелетіні белгілі. Аса жауапкершілікті істе ұстаздардың қызметі орасан зор.
Осыған орай мектебімізде жас мамандардың «Педагогикалық дебют – 2021» байқауы басталды. Жас мамандарымызға барлық кезеңдерде сәттілік серік болсын!«Педагогикалық дебют – 2021» байқауына қатысушы жас маман ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байғазы Жазира Наурызбайқызы,бастауыш сынып мұғалімі Қазымбек Құлпынай Саянқызының, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асет Бахытұлы,педагог-психолог Сабыр Ақжібек Теміржанқызы. Жас ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!