"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді жәрмеңке» сайыс сабақ

03.02.2025

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың мақал-мәтелдерін, салт-дәстүрін, оқушылардың көркем еңбек сабағында алған білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.

Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтаныш сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз елін, халықын, Отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекілер: интер белсенді тақта, оюлар, карточкалар, сағат, дайын қиылған қаңылтыр материалы

Сабақтың әдісі: оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін артыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын, сызу.

Сабақтың өтілу барысы:

Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болу керек. «Үйрету -үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Сабақтың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс сабақ 6 бөлімнен тұрады:

I.«Таныстыру» (әр топтың басшысы өз тобын таныстырады.4 минут)

  1. . «Сұрақ-жауап» (Сандықтан алынған сұрақтарға жауап беру.             7 минут)
  2. . «Ойлан тап» (Суретке қарап мақал мәтел ойластыру. 6 минут).
  3.  . «Тіл өнері» (Кім көп тіл біледі. 6 минут).
  4.  . «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» (қаңылтыр материалына ою өрнек салу, топтан бір оқушы) және «Тапқыр достар» Анаграмма (топта сөзжұмбақты шешу. 10 минут).
  5.  . «Өнерлі бала өрге жүзер» (әр топ үйден дайындап келген бұйымын таныстыру, қорғау. 5 минут)

Сайыс барысы:

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бірінші топ: «Өнерлілер», екінші топ: «Білімділер»

  1. .«Таныстыру».

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Кілемге біреулер өрнек салыпты.

Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса,

Оюдан түйін түйіп тамсаныпты,- деп келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруға берейік.

Әр топтың топ басшысы өздерінің тобымен таныстырады. Жақсы таныстыру 5 ұпаймен есептеледі. Таныстырудың көлеміне байланысты ұпай шегеріледі.

II.«Сұрақ - жауап».

«Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай,

Білімнің шыңына шығады,- дей отырып, кезекті «Сұрақ жауап» сайысына берейік. Сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Шарт бойынша әр топқа арналған 2 сұрақ бар, әр сұрақтың жауабы 5 ұпай болып есептеледі, екеуіне де дұрыс жауап болса 10 ұпай жинайды. Сандықтан сұрақты топ басшысы алады. Ойлануға 2 минут беріледі. Жауабын ортаға шығып 1 оқушы айтады.

  •  
  1. Үш арсыз, үш жамандық, үш көзді атап беріңіз?
  2. Қазақша ай аттарын ата?
  3. Үш арыс, үш би, үш дананы атап беріңіз?
  4. Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?

 

III. «Ойлан тап» бөлімінің шарты. Бұл сайыста интерактивті тақтада суреттер беріледі, сол суреттерге байланысты мақал-мәтелдер айту. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Сұрақ-суреттер:1. Ою-өрнек. 2. Гүл. 3. Домбра. 4. Ағаш. 5. Кітап. 6. Балық.

IV. «Тіл өнері» бөлімінің шарты. Бұл сайыста сұрақтың жауабын үш тілде айту. Бір жауапқа 5 ұпай, екі жауапқа 10 ұпай, үш жауапқа 15 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Жаңбырмен не көгерер?
  2. Не қорқақ, қол батыр?
  3. Қанша жуан болса да жалғыз не үй болмас?
  4. Не отбасынан басталады?
  5. Туған жерге не тік?
  6. Не басынан шіриді?
  7. Шебердің саусағы не?
  8. Жақсыдан үйрен, жаманнан не?

V. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» бөлімінің  шарты бойынша қаңылтыр материалына ою өрнекті шегенің ұшымен, балғамен шегені ұру арқылы түсіреді, топтан бір оқушы орындайды) және қалған оқушылар топта сөзжұмбақты шешеді. Қаңылтырға ою түсіру 10 ұпай,  «Тапқыр достар» «Анаграмма» топта сөзжұмбақты шешу 10 ұпай. Барлығы 20 ұпай. Жұмыстың сапасына қарай ұпай кемиді.

I топ.

Cөзжұмбақ сұрақтары:

1.Матаға сурет салу өнері қалай атаймыз?

2.Қандай батик түрі, тұйықталған сұлба түрінде түседі?

3.Батик өнерінің бір түрін ата?

4.Батик өнерінде матаға сурет салу кезінде қандай бояу түрі қолданылады?

5.Бірнеше қабат бояу арқылы орындалатын ыстық батикті қалай атаймыз?

II топ.

Cөзжұмбақ сұрақтары:

1.Керамикалық бұйымдарды безендіретін көркем өрнек түрі қалай аталады?

2.Гжель өнерінде қолданылатын бір түсті ата?

3.Гжель сөзі қандай мағананы білдіреді?

4.Гжель өнерінде қолданылатын ең айқын түс қандай?

5.Гжель сөзінің орысша мағанасы?

VI. «Өнерлі бала өрге жүзер» бөлімі бойынша топтан бір оқушы үйден дайындап келген бұйымын таныстырады,  қорғайды. Толық жауапқа 10 ұпай беріледі (жұмыстың сапасына қарай және қорғауына, таныстыруына байланысты ұпайы кемиді).

Просмотров: 106


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст