Текст
Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясының желісімен түсірілген «ҰСТАЗ» фильмін тамашалады.
«Ұстаз» фильмінде жас ұстаздың өзінің туған ауылына оралуы, және өзі оқыған мектепте жұмыс жасауы, сонымен қатар, жас ұстаздың оқушылармен қарым-қатынасы көрсетілген.
Фильм барысында ұстаздық өмірге қадам басқан ұстаздың беделімен оның шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге деген ұмтылысы, жаңашылдығы, сондай-ақ, педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.