Текст
Желтоқсан айының 6 күні Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Дармарка” экологиялық акциясы бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Дармарка - бұл заттарға екінші өмір сыйлайтын акция.
Акция мақсаты: заттарды қоқысқа тастамай, қажеттілікке жарату, экологияны таза ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шараның мәні - қатысушылар өздеріне қажет емес заттарды әкеліп, орнына өздеріне керек нәрсені ала алады. Осылайша зат екінші өмірге ие болып, экология мен қоршаған ортаға зор үлес қосады.
Аға-тәлімгер: Алпысова З.Д.