Жақсы №1 орта мектебінде қаңтар айының 18-28 аралығында "Білімге апарар жол - белсенділік" тақырыбында жаратылыстану пәндері онкүндігі қашықтан өткізіледі. Онкүндік барысында мектепішілік семинар практикум түрінде төмендегідей шаралар өтеді. " Білімге апарар жалғыз жол белсенділік" атты онкүндіктің салтанатты ашылуы. "Мұғалімнің шығармашылық жұмысы" коучинг. Жауапты биология пәні мұғалімі Абылкаримова М.М,
"Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары" тақырыбында шебер сынып. Жауапты математика пәні мұғалімі Маулит Ғ, "Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу" шебер сынып. Жауапты химия пәні мұғалімі Карабаева У. У. "Онлайн қосымшалар мұғалімге көмекші құрал ретінде" тақырыбында көрсетілім.Жауапты география пәні мұғалімі Тұрысбек С. Ә, "АӘД пәні негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру" тақырыбында таныстырылым. Жауапты АӘД жетекшісі Бейсеков А. Онкүндіктің қорытындысы жауапты жаратылыстану бірлестігінің пән мұғалімдері.