"Менің болашақ мамандығым" тақырыбынды 8-11 сыныптарда сынып сағаты өтті.
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарды айтып, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
— Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу
— Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.