Жақсы №1 орта мектебі бойынша қысқы демалыс уақытындағы оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жұмысының есебі.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр бала бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнауы тиіс. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Оқушының қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру барысында облыстық жоспарды негізге ала отырып, арнайы мектепішілік жоспар құрылды. Жоспар бойынша ұстаздар қашықтықтан оқушылармен жұмыстар жүргізді. Оқушылармен «Жолда жүру ережесін қатаң сақта!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға қысқы уақытта мұздың үстімен жүруге болмайтыны қатаң ескертілді. «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникасын пайдалану кезінде жол жүру ережелері мен қауіпсіздік техникасы туралы онлайн кездесулер өткізу және бейнероликтер шығару бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметінің басшысы полиция капитаны Байдиллаев Нуркен Кыдыралиулы қатысып қауіпсізлік ережелері туралы түсінікті оқушыларға түсінік берді. «Жаңа жылдың сиқыры» тақпақтар сайысы 1-4 сыныптар арасында, «Жаңа жылдың сыры» суреттер сайысы 1-4 сыныптар аралығында өткізілді. «Қысқы өрнек» шығармашылық жұмыс 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. «Мен және мені қоршаған орта» эссе байқауы 5-8 сыныптар арасында өткізілді. «Көңілді старт» ойыны 1-4 сыныптармен дене шынықтыру пінінің мұғалімі Абилжанов Жасулан Жанарович ұйымдастырды.
Ұйымдастырушы: Л. Каскаева